Ақтөбеде Qarakesek-ке үкім шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде Qarakesek-ке үкім шықты Видео кадры

Ақтөбеде сот танымал рэп-орындаушы Qarakesek-ті психотроп затты заңсыз сақтағаны бойынша кінәлі деп таныды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбеде сот танымал рэп-орындаушы Qarakesek-ті психотроп затты заңсыз сақтағаны бойынша кінәлі деп таныды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Омар Аманбаев (Qarakesek) сотқа мәжбүрлі түрде жеткізілген. Соңғы сөзінде ол кінәсін толық мойындап, өкініш білдіріп, өзін түрмеге қамауды емес, емделуге мүмкіндік беруді сұрады. Ол айыппұл немесе қоғамдық жұмыс тағайындауды өтінген.

Оның сөзінше, төрт баланы тәрбиелеп отыр және мамандардың көмегіне мұқтаж.

"Аманбаев психотроп затты заңсыз сақтағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот оған 100 сағат қоғамдық жұмыс және есірткіге тәуелділіктен мәжбүрлі ем қабылдау жазасын тағайындады", - деді Ақтөбе қаласы №2 сотының судьясы Тұрсынхан Салықов үкімді жариялап.

Рэпер мен оның адвокаты түсіруге тыйым салып, пікір білдіруден бас тартқан.

Сот нені анықтады?

Сот мәліметінше, 2025 жылғы 30 тамызда әнші есірткіге мас күйінде көлік басқарған. Ұсталған кезде одан 0,26 грамм психотроп зат табылған.

Бұған дейін Омар Амантайұлы (Qarakesek) Ақтөбеде ұсталып, әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот оны мас күйде көлік басқарғаны үшін кінәлі деп таныған. Ол 15 тәулікке қамалып, сондай-ақ 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 489.77  course up  579.41  course up  6.4  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети