Ақтөбеге көшелер мен саябақтарды тазалауға арналған 35 жаңа техника жеткізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеге көшелер мен саябақтарды тазалауға арналған 35 жаңа техника жеткізілді Ақтөбе әкімдігі ұсынған сурет

Ақтөбеге көшелер мен саябақтарды тазалауға арналған 35 жаңа техника жеткізілді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеге көшелер мен саябақтарды тазалауға арналған 35 жаңа техника жеткізілді.

Жаңа коммуналдық техниканың ішінде 15-і - скверлерді, саябақтар мен тротуарларды тазалауға арналған сыпыратын-вакуумдық машина, 20-сы - күзгі-қысқы маусымда автожолдарды күтіп ұстауға бағытталған біріктірілген жол техникасы.

Қазір жаяу жолдарды тазалауға арналған шағын техникалар Ақтөбенің саябақтары мен скверлеріне жұмылдырылды.

Жеткізуші компания өкілінің айтуынша, 15 техника Ақтөбе климатына бейімделген және көпфункциялы сипатқа ие. Сыпыратын-вакуумдық машиналар жазда сыпыру, шаң сору, жуу және қыс мезгілінде тротуарларға қатқан мұздақты еріту сияқты бірнеше жұмысты атқара алады. Яғни, мұзға қарсы ерітінді құюға арналған бактардың болуы техниканы жыл бойы тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

"Біздің вакуумдық тазалау машиналарымыз саябақтар мен қала көшелерін тазалауға арналған. Бұл техника ұзақ қызмет етеді және коммуналдық қызметтерге сенімді көмекші болатынына сенімдіміз. Ең бастысы – операторлар мұқият және ұқыпты қарау керек", – деп атап өтті тасымалдаушы компания өкілі Баубек Қазыбаев.

Компания жергілікті мамандарды оқытудың алғашқы кезеңін өткізді: 10–12 оператор дайындықтан өтті. Техникаға екі жылдық кепілдік беріледі, ал техникалық қызмет көрсету қалалық қызметтермен бірлесе атқарылады.

"Біз Президент жариялаған Таза Қазақстан акциясына үлес қосу мақсатында қаламызды тазалау және абаттандыру жұмыстарын үздіксіз жүргізіп келеміз. Биыл қоғамдық кеңістіктерді, парк, скверлерді абаттандуға ерекше ден қойып отырмыз.

Сондай-ақ қала жолдарын тазалау үшін арнайы техникалар паркін жаңартып жатырмыз. Өткен жылы 200-ге жуық арнайы техника алынды. Биыл тротуарлар мен жолдарды тазалауға арналған 43 техника алатын жоспарымыз бар. Соның міне, алғашқы легі келіп жатыр", - деді қала әкімі Азамат Бекет.

Tengrinews
Ақтөбе әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети