Алаяққа сенген Алматы тұрғыны 83 миллион теңгесінен айырылып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алаяққа сенген Алматы тұрғыны 83 миллион теңгесінен айырылып қалды Polisia.kz

Алаяққа сенген Алматы тұрғыны 83 миллион теңгесінен айырылып қалды. Полиция күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алаяққа сенген Алматы тұрғыны 83 миллион теңгесінен айырылып қалды. Полиция күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ол таныс әйелге инвестицияны көбейту үшін қомақты соманы берген.

"Т. есімді азаматша таныстарына ЖШС бірінің атынан ірі отандық компаниялардың біріне салымдар – инвестиция арқылы қосалқы бөлшектерді жеткізуге келісімшарт жасап жатқанын айтты. Бірақ ең қызығы компанияға бұл салым қажет емес еді. Қазіргі уақытта біздің бөлімшеге осындай алаяқтық туралы арызбен 9 адам жүгінді. Алдын ала мәлімет бойынша, Т. есімді азаматша делдал ретінде 10 миллионнан 20 миллион теңгеге дейін алдын ала төлем алған, ал жәбірленушілердің бірінен 83 миллион теңгені алып алған. Күдікті ұсталды. Ол – Алматы облысының тұрғыны. Осы эпизодтардың барлығы бір өндіріске біріктіріліп, соталды тергеудің бірыңғай тізілімінде қылмыстық іс қозғалды", – деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.

Тәртіп сақшылары алданғандардың әлі де көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Күдіктіні таныған жағдайда полиция көрсетілген нөмірлерге хабарласуды сұрайды: 8-701-233-47-90; 8-747-700-00-72 және 8-778-677-67-65.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети