Алаяқтар екі ай бойы зейнеткерге қысым көрсетіп келген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алаяқтар екі ай бойы зейнеткерге қысым көрсетіп келген Видео кадры

Ақтөбеде 70 жастағы зейнеткер екі ай бойы алаяқтардың психологиялық арбауында болды. Осы уақыт ішінде ол оларға сатқан пәтерінен түскен ақшаны қоса алғанда, 18 миллион теңгеден аса қаражат аударған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде 70 жастағы зейнеткер екі ай бойы алаяқтардың психологиялық арбауында болды. Осы уақыт ішінде ол оларға сатқан пәтерінен түскен ақшаны қоса алғанда, 18 миллион теңгеден аса қаражат аударған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алаяқтар өзін eGov және Ұлттық қауіпсіздік қызметінің қызметкері ретінде таныстырған. "Шотыңа шабуыл болды" деген сылтаумен олар әйелді қаражатты "қауіпсіз" деп саналатын есепшотқа аударуға сендірген. Пәтерін сатқанын білгенде, олар әйелді сол ақшаны да жіберуге алдаған.

Киберполиция тексеру барысында пәтерді сатудан түскен қаражаттың Шымкентке такси арқылы жіберілгенін анықтады. Жедел топ дереу іс-сапарға шығып, нәтижесінде оған 9 миллион теңгеден аса қаражат қайтарылды.

"Мұғалім болып жұмыс істедім, алаяқтарға қалай сенгенімді түсінбеймін… Екі күннен кейін менің туған күнім, бұл - өмірімдегі ең жақсы сыйлық. Көп рақмет сіздерге!" - деп алғысын білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети