Алдағы демалыс ауа райы қандай болады?

Айжан Калиева
Айжан Калиева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алдағы демалыс ауа райы қандай болады? Фото:depositphotos.com

Қазгидромет 16, 17, 18 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазгидромет 16, 17, 18 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жауын-шашын, жел, тұман

Солтүстік-батыс циклоны Қазақстан аумағының басым бөлігіне әсер етеді. Елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, орталығында қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, қатты жел соғады.

Тек оңтүстік-батыста, 17-18 тамызда батыста, 18 тамызда республиканың орталығында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Қазақстан бойынша жел күшейіп, солтүстікте, шығыста, орталықта тұман түсуі мүмкін.

Ауа температурасы бойынша

Күндіз батыс өңірлерде ауа температурасы 22-30-дан 27-35 градусқа дейін көтеріледі;
Солтүстік-батыста 16-30-дан 22-33 градусқа дейін көтеріледі; Елдің солтүстігінде ауа температурасы 18-23 градус болады;Орталық облыстарда 20-30 градус болады;
Қ Р шығысында ауа температурасы 20-30-дан 17-25 градусқа дейін төмендейді; Қазақстанның оңтүстігінде ауа температурасы 25-35 градус болады, Республиканың оңтүстік-шығысында температура 30-35-тен 25-32 градусқа дейін төмендейді;

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети