"Қазгидромет" синоптиктері 10, 11 және 12 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанның басым бөлігінде батыстан келетін циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын күтіледі.
10–11 ақпанда елдің солтүстігі, солтүстік-батысы, оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және орталығында, ал 11 ақпанда шығыс өңірлерде қатты жауын-шашын жаууы мүмкін.
Республика бойынша көктайғақ, боран, екпінді жел болжанады.
Температура қалай өзгереді?
Батыс антициклонының ықпалы күшейіп, жауын-шашын тоқтап, күн суытады деп күтіледі:
- Солтүстік, солтүстік-батыс және орталықта түнде –22…–30°С, күндіз –15…–20°С дейін төмендейді;
- Шығыста түнде –13…–23°С, күндіз –12…–20°С;
- Оңтүстікте түнде –10…–20°С, күндіз –5°С-тан +5°С-қа дейін.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстан бойынша ақпанға арналған жаңартылған болжамды да ұсынған еді. Мамандардың айтуынша, ақпан әдеттегіден жылырақ, жауын-шашын мөлшері қалыпты деңгейде болады. Ел аумағының басым бөлігінде орташа температура климаттық нормадан 1–2 градусқа жоғары болады деп күтіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!