Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алдағы күндері ауа райы қандай болады? Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 3, 4 және 5 қаңтарда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазгидромет" Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 3, 4 және 5 қаңтарда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елордада қар жауады, боран және көктайғақ болуы мүмкін, ал елдің оңтүстігінде жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде түседі, кей жерлерде тұман болады.

Астана

3 қаңтарда елордада құбылмалы бұлтты болады, күндіз қар жауады, бұрқасын күтіледі. Жолдарда көктайғақ. Жел оңтүстік-шығыстан: түнде 1–6, күндіз 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде –8…–10°C, күндіз –2…–4°C.

4 қаңтарда құбылмалы бұлтты, қар, боран, көктайғақ және тұман болжанады. Жел оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз –5…–7°C.

5 қаңтарда құбылмалы бұлтты, қар, боран. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде –12…–14°C, күндіз –7…–9°C.

Алматы

3 қаңтарда қалада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан 2–7 м/с. Ауа температурасы түнде –1…–3°C, күндіз +5…+7°C.

4 қаңтарда құбылмалы бұлтты, кешке жауын-шашын болуы мүмкін (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан 2–7 м/с. Ауа температурасы түнде 0…–2°C, күндіз +3…+5°C.

5 қаңтарда құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, кейде тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан 2–7 м/с. Ауа температурасы түнде –1…–3°C, күндіз 0…+2°C.

Шымкент

3 қаңтарда құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады, түнде тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде +0…+2°C, күндіз +8…+10°C.

4 қаңтарда құбылмалы бұлтты, уақытша жауын-шашын болуы мүмкін (жаңбыр, қар), көктайғақ және тұман. Жел солтүстік-шығыстан 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде 0…–2°C, күндіз 0…+2°C.

5 қаңтарда құбылмалы бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Түнде және таңертең де тұман болуы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде 0…–2°C, күндіз 0…+2°C.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Брижит Бардо өмірден өтті

Валюта бағамы

 505.73  course up  595  course up  6.32  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети