Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик ATP 250 сериясындағы турнирдің жеңімпазы атанды. Әлемнің 11-ракеткасы атанған спортшы осы спорт түрінен ел үшін тарихи жетістікке қол жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Финалда Қазақстаннан шыққан әлемнің 11-ракеткасына 23 жастағы италиялық Лоренцо Музетти қарсы тұрды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Кездесу екі сетте аяқталып, есеп 7:6, 6:3 болып Александрдың пайдасына шешілді.
Айта кетейік, Бублик тарихи рекорд орнатты: Гонконгтағы турнирде жеңіске жетіп, ол ATP ерлер арасындағы жекелей сында әлемдік рейтингтің топ-10-на енген алғашқы қазақстандық атанды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Гонконгтағы бұл жеңіс Александр үшін ATP сериясындағы турнирлерде 9-шы титул болды.
Финалға дейінгі жолда Қазақстанның үздік теннисшісі Ботик ван де Зандсхулпты, Цзюньчэн Шанды, Маркос Гиронды жеңді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!