Әлемдегі ең бай адамдардың бірі “ғасыр тойын“ өткізді

Сұлу Бөлек
Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлемдегі ең бай адамдардың бірі “ғасыр тойын“ өткізді instagram/laurensanchezbezos

Amazon корпорациясының негізін қалаушы, миллиардер Джефф Безос пен оның қалыңдығы, тележүргізуші Лорен Санчес Венециядағы Сан-Джорджо-Маджоре аралында үйленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Amazon корпорациясының негізін қалаушы, миллиардер Джефф Безос пен оның қалыңдығы, тележүргізуші Лорен Санчес Венециядағы Сан-Джорджо-Маджоре аралында үйленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап.

Үйлену тойы 27 маусымда өтті. Бұл оқиғаға дейін-ақ оны "ғасыр тойы" деп атап кеткен еді. Салтанатқа Кардашьяндар отбасынан бастап, Билл Гейтске дейін 200-ге жуық танымал қонақтар келген.

Санчес Instagram-парақшасында ақ көйлек киген суретін жариялады. Қасында - әлемдегі ең бай төртінші адам саналатын Безос смокинг киіп тұр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Lauren Sánchez Bezos (@laurensanchezbezos)

Безос пен Санчес 2016 жылы танысқан. Алайда жұрт алдына жұп ретінде алғаш рет 2019 жылы шықты – сол кезде миллиардер Маккензи Скоттан ресми түрде ажырасқан болатын.

Үйлену тойы қарсаңында бірнеше күнге созылған қала тұрғындарының наразылығы өтті. Венециялықтар турист тым көп қаптап кеткеніне көңілі толмады.

Наразылық танытушылар Венецияның әйгілі орындарында Безосқа қарсы баннерлер іліп, шағын акциялар өткізді. Олар Amazon-ның еңбек жағдайын, Еуропа елдерімен салық дауын және Безостың саяси байланыстарын сынға алды.

Венеция туризм министрлігінің мәліметінше, Безос пен Санчестің үйлену тойы қаланың жылдық туристік табысының 68 пайызына тең кіріс әкелген. Кей деректерге сүйенсек, тойдың құны 40-48 миллион еуро аралығында болған.

Венециялық Corila экологиялық зерттеу қауымдастығының хабарлауынша, Безос Венецияны сақтау жұмыстарымен айналысатын үш экологиялық ұйымға әрқайсысына бір миллион еуродан қайырымдылық жасаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети