Алғашқы АЭС-ке атау беруге қатысты байқау аяқталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алғашқы АЭС-ке атау беруге қатысты байқау аяқталды Фото:depositphotos.com

Қазақстанда алғашқы АЭС-ке үздік атау беру байқауы аяқталды. Оған 27 мыңнан аса адам қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда алғашқы АЭС-ке үздік атау беру байқауы аяқталды. Оған 27 мыңнан аса адам қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атом энергиясы агенттігі мұндай белсенділік азаматтардың атом энергетикасын дамытуға жоғары қызығушылығын және ел үшін маңызды жобаны іске асыруға жеке үлес қосуға дайындығын көрсететінін айтты.

Қазір ұсыныстарды өңдеу процесі басталды.

"Алғашқы кезеңде мамандар барлық нұсқаны талдап, жүйелейді, содан кейін жиынтық есеп дайындайды. Одан әрі материалдар конкурс комиссия мүшелерінің қарауына жіберіледі. Соңғы кезең - қазанның аяғында өтетін комиссия отырысы. Соның қорытындысы бойынша Қазақстанның алғашқы АЭС-іне ең үздік атау анықталады", - делінген хабарламада.

АЭС атауына жарияланған конкурс

Тамыздың басында Президент Тоқаев АЭС атауына конкурс жариялауды ұсынған еді. Атом энергиясы агенттігі сәйкес ұсыныстар болса, оларды қабылдауға дайын екенін мәлімдеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети