Алматы әкімі балалар үйі аумағындағы өрт болған жерге барды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі балалар үйі аумағындағы өрт болған жерге барды Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды және құрылымдық бөлімшелердің басшылары балалар үйінің аумағындағы өрт шыққан орынға барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды және құрылымдық бөлімшелердің басшылары балалар үйінің аумағындағы өрт шыққан орынға барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазір уақытша орналастыру, тамақтандыру және материалдық қолдау қамтамасыз етіліп жатыр. Жағдай қалалық әкімдіктің бақылауында.

Айта кетейік, 9 қарашада Алматыдағы Наурызбай ауданы, Алтын Орда көшесі, 6а мекенжайында орналасқан "Перзент" жекеменшік балалар үйі аумағында ірі өрт шықты.

"Барлық 35 бала мен қызметкерлер дер кезінде эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ. Балалар қауіпсіз орын-жайларға орналастырылды, оларға қажетті көмек пен қолдау көрсетіліп жатыр. Қазір жалынның таралу қаупі жоқ. Өрт оқшауланды. Оқиға орнында Алматы қаласының ТЖД бөлімшелері жұмыс істеп жатыр", – делінген хабарламада.

Бұған дейін балалар үйі аумағында асхана ғимаратының және оған іргелес үш қабатты ғимараттың шатыры өртенгені хабарланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети