Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жалпықалалық сенбілікке қатысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жалпықалалық сенбілікке қатысты Алматы әкімдігі ұсынған сурет

Алматыда "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық бағдарламасы аясында жалпықалалық сенбілік өтті. Іс-шараға қала әкімі Дархан Сатыбалды, мемлекеттік органдардың өкілдері, коммуналдық қызметтер, бизнес қауымдастығы, қоғамдық және жастар ұйымдары, сондай-ақ қала тұрғындары қатысты.


Алматыда "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық бағдарламасы аясында жалпықалалық сенбілік өтті. Іс-шараға қала әкімі Дархан Сатыбалды, мемлекеттік органдардың өкілдері, коммуналдық қызметтер, бизнес қауымдастығы, қоғамдық және жастар ұйымдары, сондай-ақ қала тұрғындары қатысты.

Алматы әкімдігі ұсынған сурет

Іс-шараның негізгі орталығы Түрксіб ауданындағы Баум тоғайы болды. Мұнда санитарлық тазалау мен көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Жалпы акцияға 55 мыңнан астам адам қатысып, 2 мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды. Соның нәтижесінде шамамен 5 мың текше метр қоқыс жиналып, 700 ағаш, 10 мың бұта және 5 мың раушан гүлі егілді.

Алматы әкімдігі ұсынған сурет

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысқан іс-шараға Алматы әкімі телекөпір форматында онлайн қосылды. Онда "Таза Қазақстан" қозғалысы аясындағы экологиялық бастамалар талқыланды. Мемлекет басшысы бұл жобаның экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және азаматтық жауапкершілікті арттыруға бағытталғанын айтты. Сондай-ақ, жалпықалалық сенбіліктер өткізу мен көгалдандыру жұмыстарына ерекше мән берілді.

Қаланы көркейту және санитарлық тазалау жұмыстары барлық ауданда жүргізіліп, жағалаулар, скверлер, аула аумақтары және қоғамдық кеңістіктер қамтылды. Атап айтқанда, Сайран көлі, Есентай өзенінің жағалауы, жүргіншілер аймақтары және өзге де нысандар тазартылды.

Алматы әкімдігі ұсынған сурет

Сондай-ақ, сенбілік кезінде тротуарлар арнайы жуғыш құралдармен жуылды.

Жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Алдымен арнайы техника тротуарларға су мен жуғыш ерітінді шашып, жиналған кір мен қалдық жұмсартылады. Одан кейін жол саласы жұмысшылары плиталық жабындыны щеткалар арқылы механикалық тәсілмен тазартады. Соңғы кезеңде қалдықтарды толық жою үшін таза сумен қайта жуылады.

Алматы әкімдігі ұсынған сурет

Ауқымды жуу жұмыстары қаланың 23 аумағында ұйымдастырылып, оған 48 бірлік арнайы техника мен 480 жол жұмысшысы тартылған. Тазалау жұмыстары жүргіншілер саны көп негізгі көшелерді қамтиды. Атап айтқанда, Абай, Райымбек, Назарбаев даңғылдары, сондай-ақ Панфилов, Сәтбаев, Гоголь көшелері және басқа да аумақтарда қолға алынған.

Жыл басынан бері Алматыда шамамен 80 мың адам қатысқан төрт жалпықалалық сенбілік өткізілді. "Мөлдір бұлақ" акциясы аясында өзен арналары мен арық жүйелері тазартылып, 10 мың текше метрден астам қоқыс шығарылды.

Дархан Сатыбалды тазалық жұмыстары тұрғындар мен коммуналдық қызметтің бірлесуімен жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын және қала тұрғындарының қолдауына ие болғанын жеткізді. Сонымен қатар, қаланы көгалдандыру жұмыстары жалғасып келеді. Биыл 550 мыңнан астам ағаш пен бұта егу, сондай-ақ қоғамдық кеңістіктерді одан әрі көркейту жоспарланған.

Жүргізіліп жатқан іс-шаралар қалалық аумақтардың санитарлық ахуалын жақсартуға, көшелердің келбетін көркейтуге және Алматы тұрғындары мен қонақтары үшін жайлы қалалық орта қалыптастыруға бағытталған.

Tengrinews
Алматы әкімдігі ұсынған материал
Читайте также

Валюта бағамы

 464.73   543.38   6.16 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер