Алматы әкімі командасын жаңартып жатыр: Тағы бір орынбасар қызметінен кетті

Айжан Калиева
Айжан Калиева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі командасын жаңартып жатыр: Тағы бір орынбасар қызметінен кетті Фото:gov.kz

Әсем Нүсіпова Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әсем Нүсіпова Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Әсем Нүсіпова 7 тамызда өз еркімен қызметінен кеткен.

Айта кетейік, ол 2022 жылдың ақпан айынан бастап Алматы әкімі орынбасары қызметін атқарып келген. Оның қарамағында білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау салалары болған.

Әсем Нүсіпова 1975 жылдың 1 мамырында Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. "Экономика және менеджмент" мамандығы бойынша магистратура мен аспирантураны аяқтаған.

Еңбек жолын 1999 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де ассистент болып бастаған. 2001 жылы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері бөлімінде бас сарапшы қызметіне тағайындалды. 2002–2003 жылдары Президент Әкімшілігінің Жүйелі зерттеулер орталығы секторының меңгерушісі болды.

2003–2005 жылдары ҚР Қаржы министрінің кеңесшісі, сондай-ақ ЕурАзЭҚ хатшылығындағы Ұйымдастыру-эксперттік топтың кеңесшісі қызметтерін қатар атқарды. 2005 жылы Премьер-министрдің кеңесшісі әрі кеңесшілер тобының жетекшісі болды.

2006 жылы Премьер-министр Кеңсесінің Жинақталған талдау бөлімін басқарды.

2007–2008 жылдары ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі қызметін атқарды, кейін 2016 жылға дейін "ҚазТрансОйл" АҚ-ның экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры болды.

2016–2019 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2020 жылы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы, ал 2020 жылдың қазанынан 2022 жылдың ақпанына дейін денсаулық сақтау вице-министрі болды.

Еске салайық, Алматы қаласының жаңа әкімі Дархан Сатыбалды қызметке кіріскеннен кейін қала әкімдігінде кадрлық ауыс-түйістер басталған. Соңғы уақытта әкімдікте жеті негізгі лауазым иесі ауысқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети