Алматы әкімдігінің Қала құрылысын бақылау басқармасы пәтер сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің жаңартылған тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі өзекті ақпаратқа сәйкес, тізімде 28 тұрғын үй кешені бар.
Алатау ауданы:
1. "Питтсбург" ТҮК – Дархан ықшам ауданы, Сабатаев көшесі, 24;
2. "Достар Deluxe" МТҮК – Мәдениет ықшам ауданы, 185/8.
Алмалы ауданы:
3. "Auezov Apartaments" ТҮК – Қарасай батыр көшесі, 183/19;
4. "Tole bi Residence" ТҮК – Аносов көшесі, 103 Б;
5. "Кабанбай батыр" ТҮК – Исаев, Қабанбай батыр, Байғанин, Қарасай батыр көшелерінің қиылысында орналасқан;
6. "M-Park" 2-кезеңі – Әуезов көшесі, 2/8.
Бостандық ауданы:
7. "Швейцария" ТҮК – Нұрлытау ықшам ауданы, 1480/1, 1480/10, 1480/8, 1480/6, 1480/23, 1480/22 учаскелерінде;
8. "Rich" клуб үйі – Мирас ықшам ауданы, 24/1, 24/2;
9. "7 Avenue" ТҮК – Ремизовка ықшам ауданы, 7-ші тұйық көше, уч. 71, 73, 75;
10. Атауы жоқ көп қабатты тұрғын үй – Ерменсай ықшам ауданы, Жәнгір хан көшесі, 46;
11. "Evim novo" ТҮК – Қарғалы ықшам ауданы, Кенесары хан көшесі, 85/3;
12. "Barakat" ТҮК – Нұр-Алатау ықшам ауданы, Тауасарұлы көшесі, уч. 71/5, 71/6;
13. "Montblanc" ТҮК – Ерменсай ықшам ауданы, 7-ші тұйық көше, уч. 8;
14. Тұрғын үй құрылысы – ПК Горный Гигант, уч. 596/4;
15. Бақша үйлері – ПК Жанару, уч. 556;
16. "Alatau park" ТҮК – Нұр-Алатау ықшам ауданы, Баязитова көшесі, уч.13;
17. "Баганашыл" МТҮК – Мамыр саяжай серіктестігі, уч.138/2, 138/3, 138/4, 138/5.
Медеу ауданы:
18. "Sky Club House" клуб үйі – Фонвизин көшесі, 28;
19. "Maison" клуб үйі – Шашкин көшесі, 42/1;
20. "Pine Hill Residence" клуб үйі – 2-ші көше, уч. 33;
21. "Alma Garden" клуб үйі – 6-шы көше, уч. 7, 9;
22. Атауы жоқ көп қабатты тұрғын үй – Нұрмағамбетов көшесі, 374/1;
23. "Compositor" клуб үйі – Жамақаев көшесі, уч. 108.
Наурызбай ауданы:
24. "Люксембург" ТҮК – Қарғалы ықшам ауданы, Қали Надыров көшесі, уч. 71, 73, 75;
25. "Flora" ТҮК – Тастыбұлақ ықшам ауданы, Таутөген көшесі, уч. 6, 8, 10;
26. "Lantana" ТҮК – Үлкен Алматы ауылдық округі;
27. "Французский дом" ТҮК – Қарағайлы ықшам ауданы, Чапаев агроқұрылымы, уч. 426;
28. Атауы жоқ МТҮК – Кенесары хан көшесі, уч. 98.
Қала құрылысын бақылау басқармасы тізімге құрылысқа қажет барлық рұқсат құжаты жоқ, жобадан ауытқып салынып жатқан немесе өзге де заңбұзушылықтарға жол берген бірнеше тұрғын үй кешенінің енгенін хабарлады.
Тізімге құрылыс жұмыстары әлі басталмаған, бірақ ешқандай рұқсат құжаттары жоқ нысандар да кірген. Басқарманың мәліметінше, мұндай тұрғын үй кешендері туралы жарнамалар интернет-ресурстарды мониторингтеу барысында анықталған.
"Жылжымайтын мүлік сатып алмас бұрын тұрғын үй кешеніне қатысты барлық құжаттың бар-жоғын міндетті түрде тексеруді ұсынамыз. Бұл туралы мәліметті Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасының анықтамалық WhatsApp арнасы арқылы біле аласыз: +7 705 89 66 000", - деп кеңес берді ведомство.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!