“Алматы жастары“ бағдарламасы келесі жылы қаржыландырыла ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Алматы жастары“ бағдарламасы келесі жылы қаржыландырыла ма? Фото:depositphotos.com

"Алматы жастары" тұрғын үй бағдарламасын қаржыландыру жалғасады. Бұл туралы Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясы барысында қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Алматы жастары" тұрғын үй бағдарламасын қаржыландыру жалғасады. Бұл туралы Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясы барысында қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматының бюджетін нақтылау шеңберінде халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы азаматтар үшін әлеуметтік көмек көлемі ұлғайтылды: 585 миллион теңге аудандық әкімдіктерге азаматтарға үйде әлеуметтік қолдау көрсетуге, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдауға бөлінеді.

Қанат Сухамбековтің мәліметінше, "Алматы жастары" тұрғын үй бағдарламасын қаржыландыру үшін бюджеттен қосымша 1,4 миллиард теңге бөлінеді.

Бұл, оның айтуынша, әлеуметтік, құқық қорғау, коммуналдық және басқа да салаларда еңбек ететін жас азаматтар үшін қосымша 80 ипотекалық қарыз беруге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін ішкі істер органдарының 2 510 қызметкеріне жергілікті бюджеттен қосымша 2,5 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети