Алматы маңында жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы маңында жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты Видеодан алынған кадр

Алматы облысында жол апатынан үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында жол апатынан үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға 8 мамырда Алматы - Көкпек - Көктал тас жолының 41-шақырымында болған.

"Mitsubishi Lancer жүргізушісі рөлге ие болмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Nissan Cefiro көлігімен соқтығысты. Соқтығысу салдарынан Nissan Cefiro инерция бойынша жолдың шетінде тұрған Mitsubishi Pajero Sport пен BMW X5 көліктеріне соғылды", - деп хабарлады полиция.

Оқиға орнында Nissan Cefiro жүргізушісі, Mitsubishi Lancer жүргізушісі және оның жолаушысы қаза тапты.

Жол апаты фактісі бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен қылмыстық іс тіркелді.

"Құрметті жүргізушілер, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, рұқсат етілген жылдамдықты асырмаңыз. Көлік жүргізу кезінде басқа жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығы сізге байланысты екенін ұмытпаңыз", - деді полиция.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети