Алматы маңында “Қамчыбек Көлбаев“ ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшесі ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы маңында “Қамчыбек Көлбаев“ ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшесі ұсталды Видео кадры

Алматы маңында ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің қызметкерлері мемлекетаралық іздеуде жүрген қырғызстандықты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы маңында ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің қызметкерлері мемлекетаралық іздеуде жүрген қырғызстандықты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ол 17 жыл бұрын Бішкек қаласында адам өлтірді деген күдікке ілінген. Қырғыз Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, күдікті Камчыбек Көлбаевтің ұйымдасқан қылмыстық тобына мүше.

Жалпы қыркүйектің басынан бері іздеуде жүрген 81 адам ұсталып, 58 із-түзсіз кеткен адамның орналасқан жері анықталған.

Сонымен қатар, Астанада жалпы сомасы 160 миллион теңгеден асатын бірнеше алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген адам ұсталды. ТМД елдері мен алыс шетел үшін 28 қылмыскер қолға түсті. Ал елорда әуежайында Молдова Республикасы ІІМ 2013 жылдан бері іздестірген, Молдова азаматына 150 мың доллар көлемінде ақша бопсалап, ұрлағаны үшін айыпталған ресейлік ұсталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети