02 наурыз 2020 14:04

Алматы облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Алматы облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бағдат Мәнізоровтың орнына бұл қызметке Серік Тұрдалиев тағайындалды. Ол 2017 жылы Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметінен кеткен болатын, ол қызметте 2012 жылдан бері болған еді. 

Реклама
Реклама

"Серік Мэлсұлы қызметінен кеткен жоқ деп те айтуға болады, себебі ол осы уақытқа дейін менің штаттан тыс кеңесшім болды. Кезінде бірге қызмет етіп бастағанбыз. Алматыда алғаш рет бизнес-форум мен қазіргі жүзеге асқан көптеген жобаны өткізген болатынбыз", - деді облыс әкімі Амандық Баталов.

Еске салайық, былтыр 27 қыркүйекте Алматы облысы әкімінің орынбасары абақтыға қамалды деп хабарланған болатын. Кейінірек экс-орынбасардың қызметінен кеткені айтылды.

Мәнізоров өз үстінен қозғалған үш бірдей қылмыстық істің мән-жайын айтты

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram