Алматы облысында екі жарым жыл бұрын жоғалып кеткен 28 жастағы ер адам өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қаралы хабар Lider.kz еріктілерінің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.
Хабидулла Жалғас Хабидуллаұлы 2023 жылғы 4 маусымда із-түссіз жоғалған. Таңғы сағат 9 шамасында ол Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы, Үшқоңыр көшесіндегі үйінен шығып кеткен.
Белгілері: дене бітімі орташа, көзі қоңыр, шашы қара әрі қысқа.
Киген киімі: джинсы күртеше, сұр футболка, көк джинсы шалбар, қою көк кроссовка.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еріктілердің мәліметінше, жігіттің денесі 2025 жылғы 23 желтоқсанда табылған. Оқиғаның өзге мән-жайы нақтыланбаған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!