Алматы облысында "Жасыл ел" жастар еңбек жасағының XX маусымы ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында "Жасыл ел" жастар еңбек жасағының XX маусымы ашылды Фото: Jasyl el жастар еңбек жасағы

Алматы облысында "Жасыл ел" жастар еңбек жасағының XX маусымы ашылды. Еліміз бойынша "Жасыл ел" бағдарламасы 2005 жылдан бері жүзеге асып келеді. Жоба жасөспірімдер мен жастар арасында қоршаған ортаны қорғай отырып, еңбекке араластыру арқылы табиғатты күтіп баптауға баулиды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында "Жасыл ел" жастар еңбек жасағының XX маусымы ашылды. Еліміз бойынша "Жасыл ел" бағдарламасы 2005 жылдан бері жүзеге асып келеді. Жоба жасөспірімдер мен жастар арасында қоршаған ортаны қорғай отырып, еңбекке араластыру арқылы табиғатты күтіп баптауға баулиды.

Ағымдағы жылы облыс бойынша "Жасыл ел" еңбек жасағына 14 пен 35 жас аралығындағы 1000-нан аса жас сарбаз тартылып, маусымдық жұмыспен қамтылады. Аталмыш жоба әлеуметтік осал, көпбалалы отбасылардың балаларын, NEET санатындағы жастарды қолдауға бағытталған.

Алдағы екі ай көлемінде жас сарбаздар өңірді абаттандырып, өз өлкесін көгалдандырып қана қоймай, тиісті еңбекақысын алып, арнайы киімдермен қамтамасыз етіледі. Осылайша облыс жастары "Таза Қазақстан" жалпыұлттық эко-науқанының аясындағы жұмысты жалғастырып облыстың экологиясын жақсартуға үлес қоспақ.

Шара барысында облыс әкімінің орынбасары Алмас Батанов "Жасыл ел" бағдарламасы жастар үшін өңірдегі ең табысты және ауқымды әлеуметтік жобалардың бірі екеніне тоқталып, дәстүрлі еңбек маусымының ашылуымен облыс әкімінің атынан құттықтау тілегін жеткізіп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.

Салтанатты ашылу рәсімінен кейін, "Жасыл ел" сарбаздары жұмыстарына бірден білек сыбана кірісіп Қапшағай су қоймасының жағалауында тазалық жұмыстарын жүргізіп, демалушылар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны ластамау бойынша ақпараттық түсіндірме акциясын өткізді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети