Алматы облысында өрт салдарынан үш адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында өрт салдарынан үш адам қаза тапты Фото:depositphotos.com

Алматы облысының Қарасай ауданында құрғақ шөп өртеніп, от тұрғын және саяжай үйлеріне тарады. Өрт салдарынан үш адам қаза тапты, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысының Қарасай ауданында құрғақ шөп өртеніп, от тұрғын және саяжай үйлеріне тарады. Өрт салдарынан үш адам қаза тапты, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Толық ақпаратты өңірдің ТЖД баспасөз қызметі 31 тамыз, жексенбі күні мәлімдеді.

"30 тамыз сағат 15:50-де Қарасай ауданы Тұрар ауылының маңында 30 гектар аумақта құрғақ шөп өртенді. От 7 саяжай үйі мен 6 шаруашылық нысанына (жалпы ауданы 531 шаршы метр), сондай-ақ Honda Civic маркалы көлікке, шөп қораға, 132 шаршы метрлік қыстау қорасына және 80 шаршы метрлік тұрғын үйге тарады", – делінген хабарламада.

ТЖД мәліметінше, алғашқы бөлімшелер жеткен кезде аумақтағы барлық құрылыс ашық жалынмен өртеніп жатқан.

Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД, Алматы қаласы ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың 27 қызметкері мен 10 техникасы жұмылдырылған.

Өрт 31 тамыз сағат 00:20-да оқшауланған.

"Өрт болған жерден үш адамның өртенген денесі табылды, оқиға бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды", – деді баспасөз қызметіндегілер.

Өрттің себебін анықтау үшін оқиға орнында өрт-зерттеу зертханасының мамандары мен ТЖД өкілдері жұмыс істеп жатыр.

Бұған дейін алматылықтарды көпқабатты үйлердің үстінен көтерілген қара түтін алаңдатқан болатын. Алмалы ауданындағы Варламов көшесінде жеке үй өртенгені белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети