Алматы облысында төрт жасөспірім мұздың астына түсіп кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында төрт жасөспірім мұздың астына түсіп кеткен ТЖМ

Алматы облысы Жамбыл ауданындағы су қоймасында төрт жасөспірім мұздың астына түсіп кетті. Үшеуі құтқарылды, біреуі суға батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы Жамбыл ауданындағы су қоймасында төрт жасөспірім мұздың астына түсіп кетті. Үшеуі құтқарылды, біреуі суға батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ТЖМ-нің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Бүгін Алматы облысының ТЖД 112 пультіне Алматы облысы Жамбыл ауданы Үмбетәлі ауылындағы су қоймасында жасөспірімнің батып кеткені туралы қоңырау түсті. Оқиға орнына дереу ТЖМ және ТЖМ РОСО құтқарушылары жетті", - делінген хабарламада.

Төрт жасөспірім ойын ойнап жүріп, жұқа мұздың үстіне шығып, суға құлаған. Куәгер, балықшы, ойланбастан көмекке ұмтылып, үшеуін құтқарып қалған. Төртіншісін құтқару мүмкін болмады.

Марқұмның денесін судан ТЖМ РОСО сүңгуірлері шығарып, әрі қарай тиіс шаралар қабылдау үшін полиция қызметкерлеріне тапсырды.

ТЖМ балаларды су айдындарының маңында қараусыз қалдырмауға және жұқа мұздың үстіне шықпауға шақырды. Ведомство су нысандарының маңында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажет екенін де еске салды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Брижит Бардо өмірден өтті

Валюта бағамы

 505.73  course up  595  course up  6.32  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети