Алматы облысында “World clean-up day“ іс-шарасы ұйымдастырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында “World clean-up day“ іс-шарасы ұйымдастырылды Алматы облысы әкімдігі

2025 жылғы 20 қыркүйекте республикалық "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында және дүниежүзілік тазалық күні "World clean-up day" іс-шарасы облыс аумағында ұйымдастырылды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2025 жылғы 20 қыркүйекте республикалық "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында және дүниежүзілік тазалық күні "World clean-up day" іс-шарасы облыс аумағында ұйымдастырылды.

Шараға барлығы 100 277 адам қатысты. Оның ішінде 10 581 мемлекеттік қызметші, 31 582 ерікті және 55 114 жергілікті тұрғын белсенділік танытты. Сондай-ақ, сенбілік жұмыстарына 89 арнайы техника бірлігі жұмылдырылды.

Нәтижесінде 327 гектардан аса аумақ қоқыстан тазартылып, 638 тонна тұрмыстық қалдық жиналды. Жиналған қоқыс арнайы полигонға шығарылды.

Шараға қала тұрғындары, кәсіпкерлер, жастар мен ардагерлер бірлесіп, тазалық жұмыстарына атсалысты.

Шара барысында ағаштар егілді, көшелердің бойындағы бордюрлер сырланды. Қоғамдық орындарда тазалық жұмыстары жүргізіліп, қала абаттандырылды.

Бұл бастама қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға, тұрғындарды табиғатты қорғау мен қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға шақыруға бағытталды.

"Таза Қазақстан" экологиялық бастамасы – қоршаған ортаға деген жауапкершілікті қалыптастырып, ел азаматтарын тазалық пен тәртіпке шақыруды мақсат етеді.

Tengrinews
Алматы облысы әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети