Алматы полициясы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Алматы қаласының полициясы күшейтілген қызмет атқару режиміне көшірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласының полициясы күшейтілген қызмет атқару режиміне көшірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді. Күшейту шаралары қала мектептерінде соңғы қоңырау мерекесінің өтуімен байланысты.

"Қаладағы 216 жалпы білім беретін мектептің қоғамдық тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шамамен мыңға жуық полиция қызметкері жұмылдырылды. Оқушылардың қауіпсіздігі – біздің басты басымдығымыз. Қоғамдық тәртіпті сақтау және құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында ювеналдық, патрульдік, криминалдық полиция қызметкерлері мен учаскелік инспекторлардан құралған мыңға жуық полиция қызметкері жұмысқа тартылды", – делінген департамент хабарламасында.

Балалардың жеке қауіпсіздігімен қатар, мектеп маңында және түлектердің жүретін бағыттарында жол жүру ережелерінің сақталуына ерекше назар аударылуда.

Департамент ата-аналарды және мерекеге қатысушылардың барлығын сақтық шараларын сақтауға, ережелерді бұзбауға және балаларды қауіпке ұшыратпауға шақырды.

Қаланың басты алаңдарында, саябақтарда, скверлерде және халық көп жиналатын демалыс орындарында полицияның қосымша кешенді жасақтары кезекшілік етеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети