Алматыда 25 күн бұрын жасөспірім аман табылды: анасы адамшошырлық жайттарды айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 25 күн бұрын жасөспірім аман табылды: анасы адамшошырлық жайттарды айтты Баян Әкімбаева

Алматыда 28 шілдеде жоғалған 16 жастағы Айдос Акимбаевты іздеу аяқталды. Жасөспірім 25 күннен кейін аман табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 28 шілдеде жоғалған 16 жастағы Айдос Акимбаевты іздеу аяқталды. Жасөспірім 25 күннен кейін аман табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

28 шілдеде таңертең Айдос Мамыр-3 шағынауданындағы үйінен қоқыс шығару үшін шығып, жоғалып кеткен. Қауіпсіздік камералары оны сағат 10:53 шамасында бір үйдің маңында көрсеткен. Контейнерлерге бағытталған камералар істемей қалғандықтан, сол сәттен бастап оның қозғалысы туралы ешқандай ақпарат болмаған.

Жоғалу дерегі бойынша полиция іс қозғады. Іздеуге туыстары мен еріктілер қосылды. Анасы әлеуметтік желілерде жәрдем сұрап, ұлының суретін таратып отырды.

Анасы ұлын тапты: не болған?

22 тамызда Tengrinews.kz тілшісіне анасы Айдостың аман табылғанын хабарлады. Оның айтуынша, ұлын үш белгісіз ер адам мәжбүрлеп көлікке отырғызған. Бұл қоқыс контейнерлері тұрған тұрақта болған. Ұлының кілті мен ақшасын алып, оны Шымкентке апарған. Онда бірнеше күн бойы баланы жертөледе ұстап, физикалық күш қолданған.

Кейін оны Түркістан облысына жеткізген. Сол жерде ол бензин бекетінде тұрған жерде қашып шыққан. Анасының айтуынша, ұлын тапқан кезде ол үйден шыққан кездегі киімінде болған, үстәнде футболка, шорты және қою көк аяқ киім.

Анасы баланың күйзеліске түскенін айтты. Оны табу полицияның қатысуынсыз жүзеге асқан. Оқиға бойынша отбасы толық мәліметті кейінірек жариялауды жоспарлап отыр. Редакция Алматы полициясына сауал жолдады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети