Алматыда 5000-нан аса адам Абай әндерін шырқап, ескерткішіне гүл қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 5000-нан аса адам Абай әндерін шырқап, ескерткішіне гүл қойды Алматы әкімдігі

Алматыда 5000-нан астам адам Абай әндерін шырқап, ескерткішіне гүл қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 5000-нан астам адам Абай әндерін шырқап, ескерткішіне гүл қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін, 10 тамыз күні Алматыда қазақтың бас ақыны, ойшыл және ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына арналған салтанатты рәсім өтті. Абай алаңындағы іс-шара мерекелік бағдарламаның басты оқиғасына айналып, 5000-нан астам қатысушыны жинады.

Салтанатты жиынға қала әкімі Дархан Сатыбалды, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, зиялы қауым өкілдері, шығармашылық және мәдени ұйымдар мен жастар қатысты. Қатысушылар ұлы ойшылдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті. Монумент түбіне жүздеген раушан гүлдері қойылды.

Қала тұрғындары мен қонақтары "Желсіз түнде жарық ай" және "Көзімнің қарасы" атты Абайдың аңызға айналған шығармаларын "Отырар сазы" оркестрінің, Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласының және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы студенттер хорының сүйемелдеуімен орындады.

Айта кетейік, Алматыда Абайдың мерейтойына орай 100-ден астам іс-шара ұйымдастырылады: театр қойылымдары, поэзия кештері, әдеби сағаттар, көрмелер, концерттер, жастармен кездесулер, сондай-ақ,спорттық, қайырымдылық және ағартушылық акциялар қаланың барлық ауданында өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Алматы әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети