Алматыда “Ән қанатындағы Алматы“ және “QAZAQSHA терапия“ концерттері өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда “Ән қанатындағы Алматы“ және “QAZAQSHA терапия“ концерттері өтті Алматы әкімдігі

Алматының Республика сарайының алдындағы Абай алаңында Қала күніне орай қала тұрғындары мен қонақтарына екі бірдей керемет концерт ұйымдастырылды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының Республика сарайының алдындағы Абай алаңында Қала күніне орай қала тұрғындары мен қонақтарына екі бірдей керемет концерт ұйымдастырылды.

Бір сахнада дәстүрлі әннің Арқа мектебі, Жетісу ән мектебі, Сыр өңірі ән мектебі, Алтай-Тарбағатай ән мектебі және Батыс Қазақстан ән мектебі сынды бес мектеп өнер көрсетті. Әр мектеп өзіне тән тембрімен, нақышымен және орындау мәнерімен ерекшеленеді. Осы арқылы көрермен ұлттық музыкалық мұраның алуан түрін тамашалады. Бұл концерттер қазақ музыкасының рухы сақталып, заманауи тыңдарман үшін жаңа қырынан ашылып келе жатқанын айқын көрсетті.

Кеш "Ән қанатындағы Алматы" атты дәстүрлі музыкаға арналған бағдарламамен басталды. Рамазан Стамғазиев, Сәуле Жанпейісова, Еркін Шүкіманов, Ардақ Исатаева және басқа да қазақтың дәстүрлі өнер шеберлері сахна төрінде көрерменмен қауышты. Ал "Сазген сазы" фольклорлық-этнографиялық ансамблі концерттің ажарын аша түсті. Репертуарындағы күйлер, термелер мен халық әндері орындалды.

Мерекелік көңіл-күйді заманауи театрландырылған "QAZAQSHA терапия: Ғасырлар үні" жобасы жалғастырды. Бұл қойылымды актер Асет Есжан мен "Алатау" дәстүрлі өнер театрының артистері сахналап, қазақ мәдениетінің бай дәстүрін жаңа сахналық және көркемдік шешімдермен ұштастырды.

Tengrinews
Алматы әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети