Алматыда балабақша ваучерін қалай алуға болады?

Сұлу Бөлек
Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда балабақша ваучерін қалай алуға болады? Фото:depositphotos.com

1 шілдеден бастап Алматы қаласында мектепке дейінгі ұйымдарды ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

1 шілдеден бастап Алматы қаласында мектепке дейінгі ұйымдарды ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2025 жылғы 1 шілдеден бастап Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №372 бұйрығымен бекітілген өңірлердің Пилоттық жобаға көшу кестесіне сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарды ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізіледі.

Бұл жаңашылдықтың басты мақсаты — мектепке дейінгі білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, бәсекелестікті күшейту және ата-аналарға балабақша таңдауда еркіндік беру.

Ваучерлік жүйе арқылы ата-аналар мемлекеттік те, жекеменшік те балабақшалардың қызметтерін төлеуге мүмкіндік алады.

2025 жылғы 1 шілдеден бастап ата-аналар мектепке дейінгі білімге арналған ваучерлер ала алады. Алматы қаласында бағдарламаға 988 мектепке дейінгі ұйым қатысады, оның ішінде:
o 196 — мемлекеттік балабақша,
o 792 — жекеменшік;
Ұйымды таңдау бос орынның болуына байланысты жүзеге асырылады. Ваучер рәсімдеу электронды https://balabaqsha.snation.kz/ порталы арқылы жүргізіледі.

Бағдарламаның мақсаттары:
● Мектепке дейінгі білімнің барлық әлеуметтік топтар үшін қолжетімділігін арттыру;
● Ата-аналардың таңдау еркіндігін қолдау және білім беру қызметтерінің икемділігін арттыру;
● Мектепке дейінгі білім беру саласында жекеменшік секторды дамыту;
● Бәсекелестік пен қаржыландырудың ашықтығы арқылы көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту.

Қалай жұмыс істейді?
1. Ата-аналар https://balabaqsha.snation.kz/ электронды порталы арқылы ваучер алу үшін өтініш береді;
2. Ваучер баланың балабақшада болу құнының бір бөлігін жабады;
3. Қаржыландыру балабақшаға тікелей баланың баруын растағаннан кейін беріледі;
4. Бағдарламаға қатысатын жекеменшік балабақшалар белгіленген сапа стандарттарына сай болуы керек.
Бағдарламаға қатысу үшін ресми порталға https://balabaqsha.snation.kz/ кіріп, ваучер алу үшін өтініш беру қажет.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети