Алматыда балалар үйінің екі тәрбиеленушісі жоғалып кетті

Айжан Калиева
Айжан Калиева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда балалар үйінің екі тәрбиеленушісі жоғалып кетті instagram/volontery_almaty_lider.kz

Алматы қалалық Полиция департаменті балалар үйінің екі тәрбиеленушісінің жоғалып кетуіне қатысты жағдайға түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қалалық Полиция департаменті балалар үйінің екі тәрбиеленушісінің жоғалып кетуіне қатысты жағдайға түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департамент мәліметінше, Бостандық ауданының полиция басқармасы іздестіру ісін қозғаған.

"Бұған дейін де аталған кәмелетке тәрбиленушілер бірнеше рет мекемеден өз еріктерімен шығып кеткен. Әр жолы олардың орналасқан жері анықталып, полиция қызметкерлерінің көмегімен мекемеге қайтарылған. Қазіргі уақытта олардың қайда екенін анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, полиция аталған мекеменің басшылығымен бұған дейін де осындай оқиғалар бойынша алдын алу және түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін, әсіресе тәрбиеленушілерге бақылауды күшейту қажеттігі туралы айтылғанын хабарлады.

Еске салайық, бұған дейін Алматы қаласындағы №1 балалар үйінен екі тәрбиеленуші – 2009 жылы туған Кристина Сергеевна Белгородская мен 2010 жылы туған Маргарита Даниловна Черепанова қашып кеткені хабарланған. Олар 18 шілде күні таңертең ерте мекемеден шығып, сол күйі жоғалып кеткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 512.04  course up  604.8  course down  6.56  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети