Алматыда банк кеңесшісі клиенттерді алдағаны үшін ұсталды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда банк кеңесшісі клиенттерді алдағаны үшін ұсталды © elements.envato.com

Алматыда екінші деңгейдегі банктердің бірінің клиенттерін алдаған 2000 жылы туған қыз ұсталды. Бұл туралы Алматы полиция департаменті бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рустам Абдрахманов Instagram-парақшасында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда екінші деңгейдегі банктердің бірінің клиенттерін алдаған 2000 жылы туған қыз ұсталды. Бұл туралы Алматы полиция департаменті бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рустам Абдрахманов Instagram-парақшасында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қыздың қылмыстық әрекеттерді жүзеге асыру мақсатында банкке тағылымдамадан өтуші ретінде жұмысқа орналасқаны анықталды. Ол банк кеңесшісі болған. Оның міндеттеріне клиенттердің смартфондарына мобильді қосымша орнату және оның банк карталарының ресурсына бекіту кірген.

Ол кейбір жағдайларда өзінің смартфоны арқылы жеке кабинет ашқан. Ал мұны клиенттің камерасы бейнетексерістен өтпейтініне байланысты деп түсіндірген. Бұл банк қызметкеріне клиенттердің жеке деректерін білуге мүмкіндік берген. Содан кейін клиенттердің жеке деректері мен құпия сөздерін қолданып, қосымшаға кіріп, олардың шоттарынан ақша алған. Көбінесе ол басқа адамдардың карталарына ақша аударып отырған.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабында көзделген "Алаяқтық" бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Оның басқа да заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексеріледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети