Алматыда бетперде киген ер адам бұрын өзіне тиесілі болған Lexus көлігін ұрлап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда бетперде киген ер адам бұрын өзіне тиесілі болған Lexus көлігін ұрлап кеткен polisia.kz

Алматыда ер адам сатқан көлігін өзі ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ер адам сатқан көлігін өзі ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы қаласының криминалдық полиция қызметкерлері жол талғамайтын автокөліктің ұрлану дерегін ашты. Қылмыс мұқият жоспарланғанымен, полицейлердің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында күдікті анықталып, қолға түсті.

Көліктің бұрынғы иесі, 1982 жылы туған ер адам, үш жыл бұрын автокөлігін сатқан, алайда қосалқы кілтін өзінде алып қалған. Кейін ол жеке пайданы көздеп, көліктің қазіргі тұрған орнын анықтап, қосалқы кілт арқылы ұрлық жасаған.

Қылмыс ізін жасыру үшін күдікті алдын ала дайындалған: бетперде, ауыстыратын киім сатып алып, ұрлықтан кейін сырт келбетін өзгертіп, бейнебақылау камераларына түсіп қалмауға тырысқан. Ұрланған көлік қаланың шетіне жасырылған, кейіннен оны полиция қызметкерлері тапты.

"Қылмыс қаншалықты мұқият жоспарланса да, жауапкершіліктен құтылу мүмкін емес. Заңды бұзған әрбір адам оның жазасыз қалмайтынын білуі керек. Күдіктіге қатысты соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Ол өз кінәсін мойындап, жауап беріп жатыр. Автокөлік тәркіленді", – деді, Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети