Алматыда бірнеше автобустың бағыты өзгертілді

Сұлу Бөлек
Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда бірнеше автобустың бағыты өзгертілді Фото:depositphotos.com

Алматыда BRT жобасы аясындағы құрылыс жұмыстарына және Желтоқсан көшесінің бір бөлігінің жабылуына байланысты бірнеше автобус бағыты өзгерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда BRT жобасы аясындағы құрылыс жұмыстарына және Желтоқсан көшесінің бір бөлігінің жабылуына байланысты бірнеше автобус бағыты өзгерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желтоқсан көшесінде BRT жобасын жүзеге асыру бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуіне байланысты уақытша қозғалыс шектеулері енгізіледі.

"28 маусымда сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін Бөгенбай батыр көшесінен бастап Жібек жолы көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы тоқтатылады. Айналма жолдар Наурызбай батыр көшесі және Абылай хан даңғылы арқылы ұйымдастырылады", - делінген хабарламада.

Жөндеу жүргізіліп жатқан аумақта ескерту белгілері мен байланыс нөмірлері көрсетілген ақпараттық стендтер орнатылады.

Тағы қай жерде жөндеу жүріп жатыр?

23 сәуірден бастап Райымбек даңғылы бойында BRT құрылысы басталған. Жұмыстар 2025 жылдың аяғына дейін кезең-кезеңімен жүргізіледі. Құрылыс ұзындығы 16,5 шақырым болатын мына учаскелерде өтеді:

  • Пушкин көшесінен Сейфуллин даңғылына дейін;
  • ары қарай Ахрименко көшесіне дейін;
  • одан кейін Алтын Орда көшесіне дейін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети