Алматыда былтыр қыста із-түзсіз жоғалған ер адам өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lider.kz еріктілерінің Instagram-парақшасына сілтеме жасап.
Коломыцев Павел Михайлович 2025 жылғы 13 желтоқсанда жоғалып кеткен. Сол күні сағат 15:30 шамасында ол соңғы рет байланысқа шығып, содан кейін хабар-ошарсыз кеткен. Полиция мәліметінше, ер адамның телефоны Қызылорда маңындағы Талсуат ауылында сөнген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Белгілері: бойы 160 сантиметр, басы таз, арық денелі, көзі қоңыр, екі қолында да үлкен татуировка болған.
Үстінде қара түсті күртеше, қара шалбар, қара кроссовки және тоқыма бас киім болған. Сондай-ақ, қасқыр тісі тағылған кулон мен сұр түсті чемодан болған.
Еріктілердің мәліметінше, ол 2026 жылғы 30 наурызда өлі табылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!