Алматыда демалыс базасындағы ит өлімі: полиция қылмыстық іс қозғады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда демалыс базасындағы ит өлімі: полиция қылмыстық іс қозғады Фото:depositphotos.com

Алматы қалалық Полиция департаменті Farm House демалыс базасындағы ит өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қалалық Полиция департаменті Farm House демалыс базасындағы ит өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға қалай болды?

Әлеуметтік желіде қазақстандықтар Алматыдағы демалыс базасында қаңғыбас иттің асылып тұрғанын жазды. Олар бұл мекемені бойкоттауға және онлайн-карталардағы рейтингісін төмендетуге шақырды. Кейбір пікір қалдырушылар басшылықты қатыгездікке айыптап, мұндай жағдай үшін жазаны күшейтуді талап етті.

Жануарларды қорғау қоры Kare.kz бұл әрекеттер Қазақстан Қылмыстық кодексінің 316-бабына ("Жануарларға қатыгездікпен қарау, олардың өліміне әкеп соқтыру") сәйкес келетінін мәлімдеді. Бұл бап айыппұл салудан бастап бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырады. Қор өкілдері иттің өліміне қатысты барлық мән-жайды мұқият тексеріп, кінәлілерді жауапқа тартуды талап етті.

Демалыс базасы әкімшілігінің айтуынша, иттің өлімі - қайғылы жағдай. Олар қонақтардың қауіпсіздігі үшін жануарды уақытша оқшаулауға және оған тұрақты баспана іздеуге шешім қабылдаған. Алайда уақытша ұстау кезінде ит абайсызда тұншығып қалған.

Сонымен қатар, 2ГИС қосымшасында қолданушылар демалыс базасының рейтингін төмендете бастады. Қазір оның бағасы 1,3 жұлдызға дейін түсті.

Алматы Полиция департаментінің пікірі

Бұл дерек бойынша Жетісу ауданы полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.

"Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Мекеме әкімшілігінің әрекетіне құқықтық баға беріліп, заңға сәйкес шаралар қабылданады", - деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети