Алматыда ерлі-зайыпты атып, қашып кеткен күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ерлі-зайыпты атып, қашып кеткен күдікті ұсталды Фото: polisia.kz

Алматыда полицейлер 2024 жылғы 20 желтоқсанда Наурызбай ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған аса ауыр қылмыстың бетін ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда полицейлер 2024 жылғы 20 желтоқсанда Наурызбай ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған аса ауыр қылмыстың бетін ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарақшылық шабуыл салдарынан ерлі-зайыпты тұрғындар ауыр жарақат алған. Қазір олар ауруханада жатыр. Бұл қылмысты ашу мақсатында жедел-тергеу тобы құрылды. Шабуыл жасаған адамның кім екені анықталды. Бұл – Жетісу облысының 38 жастағы тұрғыны. Ол бір күн бұрын ұсталып, қамауға алынды.

Күдікті жақында ғана өзі барып, жаңа жиһаздарын орнатып берген ерлі-зайыптыны тонамақ болғанын мойындады. Сол кезде олардың сейфін байқап қалған. Бетін медициналық маска және шарфпен жасырып, жұма күні таңертең олардың есігінің қоңырауын басқан. Жәбірленушілерді тапаншамен қорқытып, олардан ақша беруін талап еткен. Алайда отағасы көмекке шақыра бастаған. Осы кезде күдікті ерлі-зайыптыны атып, қашып кеткен.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстың басқа да мән-жайлары анықталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети