Алматыда жер сілкінді: ТЖМ мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жер сілкінді: ТЖМ мәлімдеме жасады Фото © Tengrinews.kz / Әлихан Сәриев

Алматыда сезілген жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, қаладан шығысқа қарай 74 шақырым жерде орналасқан. Бұл туралы ТЖМ хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда сезілген жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, қаладан шығысқа қарай 74 шақырым жерде орналасқан. Бұл туралы ТЖМ хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, сейсмикалық станциялар желісі Астана уақытымен 15:11-де жер сілкінісін тіркеген.

"Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматыдан шығысқа қарай 74 шақырым жерде орналасқан. Алынған деректер өңделіп жатыр. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ", - деп мәлімдеді ведомство.

Жер сілкінгенде не істеу керек?

1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен түсіп-мінбеңіз;
3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
4. Жасырынатын жерді табыңыз, жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;
5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); көпқабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
7. Дабыл жол сөмкесін алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
8. Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.

Бүгін алматылықтар жер сілкінісін сезді. Еуропалық–Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәліметінше, жер сілкінісі 17 ақпанда Астана уақытымен 15:08-де болды. Зілзаланың эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 74 шақырым жерде және Есіктен шығысқа қарай 31 шақырым қашықта орналасқан. Жерасты дүмпулерінің магнитудасы 5,0 болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 490.04  course down  582.69  course up  6.4  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети