16 қыркүйек 2023 | 11:59

Алматыда қоғамдық көлікте ұрлық жасаған күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: polisia.kz Фото: polisia.kz

Алматының Жетісу аудандық полиция басқармасына 33 жастағы әйел арызданған, оның айтуынша, түскі уақытта 130-бағыттағы қоғамдық көлікте белгісіз біреу оның 180 мың теңге ақшасын ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматының Жетісу аудандық полиция басқармасына 33 жастағы әйел арызданған, оның айтуынша, түскі уақытта 130-бағыттағы қоғамдық көлікте белгісіз біреу оның 180 мың теңге ақшасын ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Күдікті 33 жастағы К.есімді азамат болып шықты. Ұрлық қоғамдық көлік салонына орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған. "Ізін суытпай" ұсталған күдікті бөтеннің мүлкін ұрлағанын мойындады. Оның әрекеті ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі бойынша сараланды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

Полиция ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейтінін, ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналатынын ескертті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети