Алматыда көлік апатынан әйел адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда көлік апатынан әйел адам қаза тапты Фото видео кадрден

Әл-Фараби даңғылында болған жол апатынан Алматыда әйел адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әл-Фараби даңғылында болған жол апатынан Алматыда әйел адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға орнынан түсірілген видео Tengrinews.kz редакциясына оқырмандардан келіп түсті. Жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлімінің мәліметінше, жол апаты бүгін таңғы 5:30-да Алматы қаласының Бостандық ауданында болған.

"Toyota маркалы автокөліктің 20 жастағы жүргізушісі Әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта қозғалып бара жатып, Қаратаев көшесінің қиылысында рөлге ие бола алмай, жолдың солтүстік шетіне шығып кетіп бордюрге соғылған. Содан кейін қозғалысын жалғастырып, жаяу жүргінші жолына шығып кеткен. Онда ол 39 жастағы әйелді қағып, кейіннен жарнама тақтайшасының тірегіне соғылып көлігі аударылған", – деп хабарлады Алматы қаласының полиция департаменті.

Өкінішке қарай, жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болды.

Ал көлік жүргізушісі мен оның жолаушысы қаладағы ауруханалардың біріне жатқызылды. Адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети