Алматыда қоймадан өрт шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қоймадан өрт шықты ТЖМ

Алматыда Жетісу ауданындағы қоймадан өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Жетісу ауданындағы қоймадан өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

"Өрт шыққан жерге құтқарушылар 9 минутта жетті. Алғашқы бөлімше келген кезде қойма ашық жалынмен өртеніп жатқан. Оқиға орнында ТЖ департаменті басшысының жетекшілігімен жедел штаб құрылды. Өрт сөндірудің төрт жауынгерлік учаскесі жасақталды. Нысан алдын ала электр желісінен ажыратылды, өртті сөндіруге және қасындағы ғимараттарды қорғауға өрт сөндіру оқпандары берілді", – делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге жедел қызметтер мен "ҚТЖ" өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды.

"Жағдай ТЖМ бақылауында. Жағдайды бақылауды қамтамасыз ету үшін өрт орнынан бейнетрансляция нақты уақыт режимінде ТЖМ-нің жедел басқару орталығына шығарылды", – деп хабарлады министрлік.

02:59-де ведомство өрттің 3150 шаршы метр аумақта толық сөндірілгенін мәлімдеді. Сондай-ақ, өртсөндірушілер зардап шеккендер жоқ екенін атап өтті.

6 желтоқсанда күндіз Алматының Медеу ауданында "Геолог" бау-бақша серіктестігі аумағында да өрт шыққан еді: екі ғимарат пен үш автокөлік өртеніп кетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети