Алматыда Медеуге барар жолда жол апаты болып, 6 адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Медеуге барар жолда жол апаты болып, 6 адам зардап шекті Видео кадры

Кеше түнде Алматыда Медеуге барар жолда жол апаты болды. Оқиға салдарынан алты адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Кеше түнде Алматыда Медеуге барар жолда жол апаты болды. Оқиға салдарынан алты адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде оқиға орнынан видео тарады.

Алматы полиция департаменті оқиғаның мән-жайын хабарлады.

"Кia көлігінің жүргізушісі Керей-Жәнібек Хандар көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, қарсы бағытқа шығып кетіп, сол көшемен солтүстік бағытта жүріп бара жатқан Toyota Mark 2 көлігімен соқтығысқан, екі көліктің жүргізушісі мен Toyota Mark 2-нің үш жолаушысы және Kia көлігінің бір жолаушысы зардап шекті", - деп хабарлады Алматы полициясының баспасөз қызметі.

Зардап шеккендердің барлығы медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді.

Алматының Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтауға кірісті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети