Алматыда мерзімді қызметтегі сарбаз әскери бөлімнің үшінші қабатынан секіріп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда мерзімді қызметтегі сарбаз әскери бөлімнің үшінші қабатынан секіріп кетті Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұландағы сарбаз әскери бөлімнің үшінші қабатынан секіріп кеткен. "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұландағы сарбаз әскери бөлімнің үшінші қабатынан секіріп кеткен. "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 4 қазанда 5571 әскери бөлімінде болған. Сарбаз ауруханаға жеткізіліп, қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

"Қызмет барысында әскери дәрігерлер сарбазға бейімделу бұзылысы деген диагноз қойған. Ол әскерге шақырылмас бұрын жақын туысын жоғалтқан. Қазір ол әскерде әрі қарай қызмет етуге жарамдылығын анықтайтын әскери-дәрігерлік комиссияның шешімін күтіп жүрген. Бейнебақылау камераларындағы жазбалар ешқандай бөгде әсердің болмағанын дәлелдейді", – делінген ресми хабарламада.

Әскери бөлімде қызметтік тексеріс тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети