Алматыда мыңдаған студентке жатақханада орын жетпейді

Айжан Калиева
Айжан Калиева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда мыңдаған студентке жатақханада орын жетпейді Фото:depositphotos.com

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек елдегі студенттік жатақханалар тапшылығына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек елдегі студенттік жатақханалар тапшылығына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, Алматыдан басқа барлық өңірде жатақхана мәселесі шешілген.

"Негізгі назар Алматыға аударылып отыр. Мұнда шамамен 10 мың орын әлі жетіспейді. Сондықтан бірінші курс студенттеріне басымдық беріледі. Дегенмен тапшылық айтарлықтай қысқарды – үш жыл бұрын 87 мың орын жетпесе, қазір оны 10 мыңға дейін азайттық", – деді Нұрбек Үкіметтегі брифингте.

Оның айтуынша, жатақхана орны жетпеген студенттер Ситуациялық орталыққа жүгіне алады.

"Қазір бізде Ситуациялық орталық жұмыс істейді. Кез келген курс студенті осы орталыққа жүгіне алады. Егер Алматыдағы белгілі бір университетте жатақхана жетіспесе немесе университет толық ақпарат бермесе, біз студенттерді басқа оқу орындарына бағыттаймыз, резерв іздейміз. Университетаралық үйлестіру келісімі бар. Егер бір жерде орын артық болса, басқа ЖОО студенттерін де сол жерге орналастырамыз", – деді министр.

Саясат Нұрбек орталықта қиын жағдайда қалған студенттер үшін арнайы бес орын қарастырылғанын айтты.

"Мысалы, студент түнде сағат үште келіп жатақханаға орналаса алмаса, есік жабық болса - автоматты түрде осы дағдарыс орталығына жібереміз. Онда түнеп, таңертең жайлы жағдайда жатақхана іздей алады. Жатақхана тапшылығын хостелдер есебінен жаппақпыз. Ол үшін арнайы межуниверситеттік комиссия құрылған. Барлық хостелдер оқу жылы басталар алдында, оқу кезінде және аяқталғанда мұқият тексеріледі", – деді министр.

Еске салайық, Алматыда студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету үшін Ситуациялық орталық ашылды. Ол Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің базасында жұмыс істейді. Байланыс нөмірі: +7 (727) 237 01 70.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети