Алматыда пәтер тонаумен айналысқан күдіктілер қолға түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда пәтер тонаумен айналысқан күдіктілер қолға түсті Polisia.kz

Алматыда пәтер тонаумен айналысқан күдіктілер қолға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда пәтер тонаумен айналысқан күдіктілер қолға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыда криминалдық полиция қызметкерлері қала аумағында пәтер тонаумен айналысқан адамдар тобының қылмыстық әрекетін әшкерелеп, жолын кесті. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілер анықталып ұсталды.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, топ мүшелері алдын ала келісіп, жүйелі түрде әрекет етіп, тұрғын үйлерге заңсыз кіріп, азаматтардың бағалы заттары мен мүлкін ұрлаған. Қолға түсіру және одан кейінгі тергеу әрекеттері барысында күдіктілердің қылмыстық әрекеттерге қатысы бар екенін дәлелдейтін заттай айғақтар тәркіленді.

Ұрланған мүліктің бір бөлігі заңды иелеріне қайтарылды. Қазір қылмыстық әрекеттің бірнеше дерегі анықталды. Ұсталғандардың Алматы қаласы аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бары тексеріліп жатыр.

Бұл деректер бойынша соталды тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Қажет тергеу және жедел іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Мүліктік қылмыстардың алдын алу және жолын кесу бағытындағы жұмыс полицияның тұрақты бақылауында.

"Криминалдық полиция азаматтардың мүлкіне қарсы жасалатын қылмыстарға дәйекті әрі қағидатты түрде әрекет етеді. Бұл топтың қызметі толық тоқтатылды. Пәтер ұрлықтарының сериясына қатысы бар барлық тұлға анықталып, ұсталды. Біз мұндай қылмыстарды әшкерелеу және кінәлілерді жауапкершілікке тарту жұмысын жалғастырамыз. Азаматтардың тұрғын үйінің қауіпсіздігі – біздің басты басымдықтарымыздың бірі", – деді Алматы қаласы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Даулетияров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 503.19  course up  589.88  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети