Алматыда ірі өрт сөндіріліп жатыр: 21 техника мен автопоез жұмылдырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ірі өрт сөндіріліп жатыр: 21 техника мен автопоез жұмылдырылды ТЖД-ның баспасөз қызметі

Алматының Жетісу ауданындағы екі қабатты қойма ғимаратында болған өртті жоғары дәрежеде сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының Жетісу ауданындағы екі қабатты қойма ғимаратында болған өртті жоғары дәрежеде сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнында жедел штаб ашылып, 3 жауынгерлік учаске ұйымдастырылды. Оқпандар енгізілді, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді.

"Шұғыл өзара әрекет ету қызметтері оқиға орнында. Жағдай бақылауда. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ", – деп хабарлады ведомство.

Өрт ошақтарына қол жеткізу және оттың одан әрі таралуын болдырмау үшін шатыр ашылды. Құтқарушылар конструкцияларды төгіп, жеке элементтерді алып, тиімді сөндіру үшін техникалық саңылаулар жасайды. Өртті оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, өртті сөндіруге шамамен 80 адам, 21 дана техника, сондай-ақ, өрт сөндіру автопоезы жұмылдырылған.

Еске салайық, кеше қосалқы станциядан шыққан өрт салдарынан Астананың сол жағалауының бір бөлігі жарықсыз қалған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети