Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде жаппай сатылым кезінде келушілердің көптеп жиналуынан күтпеген жағдай болды. Әлеуметтік желіде куәгерлердің оқиға орнынан түсірген видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Халықтың тығыздығы соншалық, бірнеше сауда орындары мен дүкен сөрелерін қиратты. Тәртіпті қалпына келтіру және келушілердің қауіпсіздігі үшін полиция шақырылып, адамдарды эвакуациялауға тура келді", - делінген видеодағы жазбада.
Алматы полиция департаменті бұған қатысты түсінік берді.
"Алматы полиция департаменті сауда орталығында көпшілікті дүрліктірген акцияны ұйымдастырған бутик әкімшісінің жауапқа тартылатынын, оның әрекетіне құқықтық баға берілетінін хабарлайды", - делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!