Алматыда тау бөктерінде заңсыз салынған үш қабатты нысан сүріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда тау бөктерінде заңсыз салынған үш қабатты нысан сүріліп жатыр Алматы әкімдігі

Алматыда тау бөктерінде заңсыз салынған үш қабатты нысан сүріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда тау бөктерінде заңсыз салынған үш қабатты нысан сүріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ерменсай шағынауданындағы Таужиегі көшесі, 35-учаскеде орналасқан үй сүріліп жатыр. Бұл туралы Қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері айтты.

Жоспардан тыс тексеру барысында нысанның жобалық құжаттама мен сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес келмейтіні анықталды. Меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама берілді.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Осыдан кейін басқарма нысанды пайдалануға беру туралы актінің күшін жою және құрылысты бұзу жөнінде талап арызбен Алматы қаласының Бостандық аудандық сотына жүгінді. 2025 жылы 20 тамызда сот талап арызды қанағаттандырды.

2025 жылы 28 қазанда Алматы қалалық соты бірінші сатылы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазір қалалық Әділет департаменті сот орындаушыларының қатысуымен нысан бұзыла басталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 491.89  course down  585.31  course down  6.38  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети