Алматыдағы тұрғын үй кешені күзетшісінің өлімі: Апелляция не шешті?

Айжан Калиева
Айжан Калиева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы тұрғын үй кешені күзетшісінің өлімі: Апелляция не шешті? Скрин видеодан

Алматы қалалық соты "Меркур Тауэрс" тұрғын үй кешенінің күзетшісін қатыгездікпен өлтіру ісі бойынша үкімге берілген апелляциялық шағымды қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қалалық соты "Меркур Тауэрс" тұрғын үй кешенінің күзетшісін қатыгездікпен өлтіру ісі бойынша үкімге берілген апелляциялық шағымды қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға қалай болды?

2024 жылдың наурызында 45 жастағы алматылық ер адам "Меркур Тауэрс" тұрғын үй кешенінің күзетшісін бірнеше рет жол талғамайтын көлігімен басып, кейін оның басына секірген. Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Күзетші ауыр хәлде ауруханаға жеткізіліп, кейін көз жұмды.

Қатыгез қылмысқа күзетшінің ер адамды ата-анасының өтінішімен кешен ауласынан шығармай қойғаны себеп болған. Куәгерлердің айтуынша, күзетшіні басып өлтірген ер адам осы кешенде ата-анасымен бірге бірнеше жыл тұрған. Ол есірткіге тәуелді болған және көршілерін үнемі қорқытып келген.

БАҚ-та тараған мәліметке сәйкес, күдіктінің әкесі – бұрынғы депутат. Ол бұған дейін Талдықорған қаласы прокурорының аға көмекшісі қызметін атқарған болуы мүмкін.

Сот үкімі

2025 жылғы 9 сәуірде сот айыпталушыны ҚР Қылмыстық кодексінің: 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы ("Айрықша қатыгездікпен жасалған адам өлтіру"), 147-бабы 5-бөлігі ("Жеке өмірге қолсұғушылық және жеке деректерді қорғау туралы заңнаманы бұзу") бойынша кінәлі деп танып, 22 жылға бас бостандығынан айырды.

Сондай-ақ сот айыпталушыдан жәбірленуші тарапқа:

24 миллион теңге моральдық өтемақы,
1 миллион 150 мың теңге өкілдік шығындарын өндіріп беруге үкім етті.

Апелляциялық шағымдар

Қаза тапқан күзетшінің жары – Әсем Молдахұнова үкімге қарсы апелляциялық шағым түсіріп, жазаның тым жеңіл екенін алға тартты. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Арман Шәріпов мәлімдеді.

Оның айтуынша, айыпталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін еді, алайда сот жеңіл жаза қолданған. Сонымен қатар, жәбірленуші тарап моральдық зиян үшін өтемақыны 20 миллионнан 100 миллион теңгеге дейін арттыруды сұрады.

Айыпталушының адвокаты да апелляция беріп, үкімді жұмсартуды талап еткен.

Соттың шешімі

Жәбірленуші тараптың адвокаты Арман Шәріповтің айтуынша, апелляциялық алқа екі тараптың уәждерін тыңдап, бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети