Алматыдан 447 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды

Алматыдан 447 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды Фото:depositphotos.com

4 мамыр күні сағат 11:45-те ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

4 мамыр күні сағат 11:45-те ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дүмпу ошағы Алматыдан солтүстік-шығыс бағытта 447 шақырым жерде, Қытай Халық Республикасының аумағында орналасқан.

"Эпицентрдің координаттары: 41,670° солтүстік ендік, 82,310° шығыс бойлық. Қазақстан аумағында сілкініс сезілмеген", – делінген министрлік таратқан мәліметте.

Жарнама
Жарнама

Айта кетейік, бұған дейін, 1 мамырда Алматы облысының Кеген ауданындағы Қарқара ауылынан 10 шақырым жерде, яғни Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 201 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелген еді. Сонымен қатар Қырғызстанның Қазақстанмен шекаралас аумағында да жерасты дүмпуі байқалған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама