Жалпы, құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Қазіргі уақытта мердігер ұйым газ құбырын тексеруде. Сынақтан өткізу кезінде анықталған ескертулерді жояды. Сондай-ақ нысанды пайдалануға беру туралы құжаттаманы рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.
Елді мекенді газдандыру жобасын іске асыру басталғалы барлығы 57,7 шақырым газ құбыры желісі салынды.
Жобада 1100 адам тұратын 240 үйге және 4 әлеуметтік нысанға газ құбырын жеткізу қарастырылған. 240 үйдің ішінен 154 тұрғын үйге 513 тонна көмір әкелінді, 83 үйде электр жылыту жүйесі бар. Пештері бұзылған 3 тұрғын үй электр жабдығымен жылытылып отыр.
Бүгін Қарғалы ауданының әкімі Асқар Жүсібәлиев қатты отын пештері бұзылған үйлерге барды. Қазіргі уақытта тұрғын үй-жайларында бөлме температурасы 18 градусты көрсетіп тұр.
Аудан әкімі ауыл тұрғындарымен әңгімелесіп, газ құбырын қосу процесін жеделдету үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!