“Әлімжеттікке, буллингке қарсы бағдарлама іске қосылады“ - Тоқаев ДосболLIKE туралы

Айжан Калиева
Айжан Калиева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Әлімжеттікке, буллингке қарсы бағдарлама іске қосылады“ - Тоқаев ДосболLIKE туралы Фото:depositphotos.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент мектеп әр бала үшін қауіпсіз жер болуға тиіс екенін айтты.

"Зорлық-зомбылыққа, әлімжетікке, яғни буллингке, қатігездік пен озбырлыққа мүлде жол берілмеуі керек. Соңғы екі жылда өскелең ұрпақтың құқығын қорғау үшін нақты шаралар қабылданды. Кәмелет жасына толмағандарға қатысты жасалған кез келген зорлық-зомбылық үшін берілетін жаза қатайды, бала құқықтары жөніндегі уәкілдің құзіреті кеңейді. Сондай-ақ, тағы бір өзекті мәселе. Балалардың өз-өзіне қол жұмсау жағдайларының, яғни суицидтің алдын алу бойынша жүйелі жұмыс істеліп жатыр. Еліміздегі барлық мектепте 111 психологиялық қолдау қызметінің QR-коды орнатылды", - деді Тоқаев.


Жаңа оқу жылынан бастап мектептер мен колледждерде әлімжеттікке, буллингке қарсы ДосболLIKE атты бағдарлама іске қосылады.

"Негізгі мақсат – балалар мен жеткіншектер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу. Бұл бағыттағы маңызды жұмыс тоқтамайды, жасөспірімдердің құқығы мен мүддесін қорғау мәселесі әрдайым мемлекет назарында болады. "Не ексең, соны орасың" деген. Қазір біз бір қоғам болып жас ұрпақтың бойына қандай құндылықтарды сіңірсек, ертең ондаған жылдан кейін ұлтымыздың сапасы да сондай болмақ. Әділетті, Озық, Таза, Қауіпсіз және Қуатты Қазақстанның іргесі мектепте қаланады", - деді Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети